Қазақ тілі туралы
Қазақ тілі –
мемлекеттік тіл. Қоғамның қандай түрі болмасын, ол
тілсіз өмір сүре алмайды. Ал тілдің өзі тек қоғам
бар жерде ғана пайда болып, дамып жетіледі.
Мемлекеттік тілді дамыту мақсатында мектебімізде
жылдар бойы өз жалғасын тауып келе жатқан үрдісіміз
бар. Ол – оқу жылы басталысымен әр аптаның жұма
күнінде «Қазақша сойлейміз» атты таңертеңгілік жиын
өткізу. Бұл күні мұғалімдер, оқушылар тіпті
ата-аналар да мемлекеттік тілде сөйлеуге міндетті.
Оқушылар өз еңбектерімен, әрине, қазақ тілі
кафедрасы мұғалімдерінінің бастамасымен және
қолдауымен, әр түрлі тақырыпта «линейка» өткізеді.
«Қайырлы таң ұстаздар, достар !» деп бастап,
тақырыпқа сай өлең, жырларды жатқа айтып, қосымша
мәліметтер айтады.
Биыл да жаңа оқу
жылымыздың жұмасын (13.09.2013 ж.) 8 А сынып
оқушылары Алматы қаласы күніне орай «Алматы – арман
қала» атты тақырыпта алғашқылардың бірі болып бастап
та кетті. Балалар (Терещенко Денис, Исаева Севиль,
Бабушкин Евгений, Оңдасын Абдуали, Ви Виктория,
Абдуалиев Диас) белгілі ақын - жазушылардың әсем
қаламыз туралы өлеңдерін жатқа айтып, барша қауымды
Алматыда өтетін апталық іс-шаралармен таныстырды.
Сондай ақ қаламыздың символы – апорт алмаларын
таратып, дәм тигізді.
Осындай игі
бастамалар іс-шаралар, жағымды жаңалықтар көп
болғай!
Есжанова Сауле
Аманкелдиевна
Дарынды балаларға
арналған №165 мамандандырылған
мектеп-лицейдің
казақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

|