02.04.2008

 Открытие официального сайта лицея

  Рейтинг@Mail.ru


 Краткая справка

 Паспорт здоровья

 Социальный паспорт

  Рекомендуемый режим дня лицеиста :

 5 КЛАССА
6 КЛАССА
7 КЛАССА
8 КЛАССА
9 КЛАССА
10 КЛАССА
11 КЛАССА


 Поступающим в лицей

 Правила ЕНТ

Новости История Достижения Творчество Кафедры Квант Выпускники

Өнер адамдарымен кездесу

Жақында дарынды балаларға арналған №165 мамандандырылған мектеп-лицейде 10 сынып оқушылары белгілі өнер қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның халық әртісі және театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұловпен және сын мен әзілдің шебері, белгілі сатирик, Халықаралық « Алаш» сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері  Көпен Әмірбековпен кездесіп, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, сұхбат өткізді.  Бұл кездесуге басты түйткіл болған себеп – оқушылар өз оқулықтарындағы тақырып бойынша берілген «Ұлы өнер тұлғасымен» және «Шешендік сөздер айтушылардың бірімен»  пікір алысып, жүзбе-жүз әңгімелесу, сонымен қатар, осындай ірі тұлғалардың білгірлігінің, төрелік сөздерінің, жалпы өнегелі өмірлерінің оқулық беттерінде айтылмай қалған тұстарынан қосымша мәліметтер алу, маржан сөз, қазыналы ойлардың шексіз молдығына көз жеткізу.

Оқушылар орыс сыныбынан болғанымен, өз білімдерінің деңгейлерін, атына заты сай оқу орнында тәлім-тәрбие алатындығын, мемлекттік тілді барынша жақсы меңгеріп жүргендіктерін көрсетуге тырысып бақты. Сұрақтары мен пікірлерін  қазақ тілінде жүргізе отырып, өздеріне керекті біршама пайдалы кеңестер, мағлұматтарды кеңінен жинақтады. Осындай белгілі бір әдебиет пен кино, театр өнерінде өз қолтаңбасы бар ірі талант иелерімен әңгімелескендеріне, жүздескендеріне қуанып, әжептәуір көңілдеріне шабыт пен шаттық орнағандай болды.

Шынын айта кету керек, орыс мектептерінде бұл сирек болатын жағдай, оның үстіне қазіргі техника мен интернет дамыған заманда, тек оқулықтағы  берілген мәліметтерге қоса суреттері мен қосымша ақпаратты басып шығарып алу еш қиындық туғызбайды.  Ал, мына кездесулердің жас-ұрпақ тәрбиесіне, ой-саналарына беретін әсері, білімдерін арттыруға деген пайдасы мол деп есептеймін. Жастар – ел болашағы десек, олардың нағыз білімдерін көрсететін, тіл байлықтарын дамытып, ұлттық  намыстарын көкке көтеретін кез келді.

Кездесуге келген қонақтарымыз  да оқушылардың көкірегін жазып көруге, қазып тануға тырысты. Өз білімдерімен, пікір толғанысымен жас ұрпақтың ой-сана қозғалысына әсер етуге ұмтылды, көптеген пайдалы кеңестері мен, өнегелі, тәрбиелі ақылдарын бере отырып, көрегендіктерін, шешендіктерін байқатты.

Мысалы, Тұңғышбай Жаманқұлов  оқушының «Тарихи кейіпкерлерді көп сомдайсыз, өзіңіз қай тарихи кезеңде өмір сүргіңіз келер еді?» деген сұраққа «Тарихтың бар кезеңі, бар қатпары маған қымбат. Адам бала кезінен арманшыл болады ғой, егер бір ғайыптан тайып, құдіреттер пайда болып, басқа өлшемге, басқа ғасырға көшу мүмкіндігі туса, мен Отырардың мәдениеті құлпырған, өркендеген кезеңіне тап болсам, кітапханасында отырып, Отырардың  Шығыс стилімен салынған шағын-шағын  үйлерін көріп, тар көшелерімен жүрсем деп армандаймын. Оның арғы жағында  Сақ заманы туралы көп оқып, көп ойланамын – маған суреткер, режиссер ретінде ерекше заман, алтын мен күміс эрасы, сол кездегі адамдардың , қоғамның қарым-қатынасының керемет өркендеген тұсы -  б.з.д. – 4- 5ғасырдың  өркениетіне  қиялмен қайта оралғым келеді» деп жауап берді. Сондай-ақ  тарихи кезеңдердің эволюциялық өрлеу тұстарынан оқушыларға пайдалы ақпараттарды айта отырып, өз шығармашылығымен де кеңінен таныстырды. Балалардың білімін бақылау мақсатында өзінің бір-екі сұрағын қоюды да ұмытпады( «Менің алғаш түскен фильмім қандай?», « Мен ұзақ жылдар бойы ойнаған эстрада және сатира ойын-сауық отауының аты не?»).

Көпен Әмірбеков те аса көп білетін, білгенін оқушыларға үлгі боларлық  қазақтың інжу-маржаны – мақал-мәтелдерді келтіре отырып,  болмысы бөлек жан екенін көрсетті.  Содан да болар «Сөз қадірі – өз қадірің», « Шешендік сөздер», «Мақал – мәтелдер» тақырыптарын бір жүйеге топтай отырып, осының төңірегінде мазмұнын  кеңінен ашатын, шешендік сөздер тарихына тоқтала отырып, жан-жақты сөз өнері үлгісімен , мәнерімен таныстыра алатын  Көпен ағаға  тоқталып, қонаққа шақыруды  жөн көрдік.

 « Өзіңе сен, өзіңді алып шығар еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген ұлы Абай сөзін келтіре отырып, оқушыларға еңбек пен ақылды ұштастырсаң, талантың ұшталады,өйткені адам баласына алла тағала ана сүтімен, атасының қанымен табиғи дарын береді. Барлық адамдарда 1 пайыз дарын болады екен де, соны ары қарай ұштап дамыту үшін қалған 99 пайыз  еңбек ету керек дегенді айтты. «Адамның басты байлығы – білімі, ол шірімейді, ұрланбайды, ол үшін көп оқу керек, көздеген мақсатына жету үшін тынбай қыбырлап, іздене білу керек» деген ақылымен қатар,шешендік сөздер біздің ата-бабаларымыздың жүрегінің ішінен қайнап шыққан, сосын халықтың қажетіне жараған асыл мұра  және  белгілі Сырым батырдың бала кезінде айтқан тапқыр сөздерінен үзінділер келтіре отырып, жаман әдеттерден, тәкаппарлықтан бойларын аулақ ұстауға шақырды. Орыс ақын-жазушылары А.С.Пушкиннің, Л.Толстойдың шабыты оянғанда жазу тәсілін әңгімелей келе,  өз шығармашылығының қыр-сырларын ашты. Сөзінің уыты бар Көпен аға қазіргі таңдағы сатиралық мақал-мәтелдерінен үзінділер оқып беріп, балалардың көңілін бір серпілтіп тастауды да ұмытпады. Сұхбатының соңында оқушыларымызға шешендік арнаудың бір түрі – батаның, халықтың жүрегінен шыққан текті сөздердің бәрі жүректің түбінде жатпай сыртқа шығу керек деген сөздерімен қорытындылай келе батаның бірнешеуін берді. Біз де аузы дуалы ағамыздың батасына әумин деп қабыл болуын тіледік.

    Бүгінгі таңда ұлы ойшыл әл –Фарабидің « Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы жетеді» деген терең мағыналы, философиялық ой түйінін биік ұстанып, ел алдында жүрген абыройлы ағаларымыздан өнеге ала жүріп, тынымсыз еңбек пен ұдайы ізденістің арқасында көздеген мақсатымызға жетеміз деген ойдамыз.

Сәуле Есжанова

Казақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі

 


 

 

 


 


Другие новости:


«ДУША СВЯТЫМ ОГНЕМ ОБОЖЖЕНА…»


Победить на Жаутыковской олимпиаде – дело чести !


Осенний бал старшеклассников


Классный час с политологом


Презентация книги о Талгате Мусабаеве
прошла в школе, где учился Талгат.


Алматы қаласының жоғарғы сынып қыз балаларының арасында «Алматының әдемі аруы» байқауы өтті.


СЕРГЕЙ КАЛЬСИН – ПОБЕДИТЕЛЬ ЖАУТЫКОВСКОЙ ОЛИМПИАДЫ!


Лицеисты из года в год улучшают показатели ЕНТ!


Поездка в "Байконур"


Профориентационные встречи.
КБТУ в тл №165


Лицеисты технического лицея №165 успешно выступили
на Международной олимпиаде в Ю.Корее
.


 


Все права защищены ©2008. KAZ 
E-mail: school165@edualmaty.kz